«Сіз кімсіз У. Қожагелдиева ханым!!!»

0
670

Өздеріңізге белгілі Сарыағаш ауданы Абай ауылында орналасқан №73 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында 2017 жылдың басынан созылып келе жатқан даудың куәсі болып отырмыз. Мектеп директоры У.Кожагелдиева мен орынбасары А.Турбекованың арасындағы келіспеушіліктер неден басталды?

«Мектепті өз меншігіне айналдырған басшы» деген мақаламен аты танылған директор У.Кожагелдиеваның қызмет барысынан тыс, жеке пайда мақсатындағы бұйрықтарына қарсы шығу А.Турбекованы неге әкеп соқты.

Мәселе, мектепке келіп өз қызметн ұсынған «Номад иншуранс» сақтандыру компаниясынан басталған. Сетевой маркетингтен пайда табу тәжірибесі бұрыннан бар мектеп басшысы У.Кожагелдиеваның артынан кіргізген әр адам үшін өзіне белгілі бір пайыздық мөлшерде пайда түсіріп отыратынын білгеннен ақ бүкіл ұжымда ерікті түрде кіруге «зорлай бастайды». Сол кездегі мектеп директорының орынбасары А.Турбекова да 2016 жылы наурыз айында 150 мың теңге көлемінде ақша төлеп, У.Кожагелдиеваның нұсқауымен «Номад иншуранс» компаниясына мүше болып кіруге мәжбүр болады. Бірақ, 2017 жылғы төлемін төлеуден қиналып, оның қызметтерінен бас тартқан А.Турбековаға, пайыздық пайдадан қағылған мектеп басшысының көз-қарасы бірден өзгеріп сала береді. Сол уақыттан бастап директордың өз жеке мақсатындағы әр-түрлі бұйрықтарын орындамаған А.Турбековаға қарсы әрекеттер басталып, қудалау орын алған.

2017 жылдың ақпан айында директор У.Кожагелдиева аудандық білім бөліміне А.Турбекованың үстінен арыз жазған. Арыз бойынша АББ қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізген. Арызда көрсетілген заң бұзушылықтар анықталмағандықтан А.Турбековаға ешқандай тәртіптік шара көрілмеген.

Жабылған жаладан моральді түрде қатты соққы алған А.Турбекова өз басшысының жылдар бойы жасаған кемшіліктерін, заң бұзушылықтарын анықтап, жоғары тұрған органдарға шағымданған. Ол арыздары 2017 жылдың 15 маусымында «Зияткер-ON» газетінің 23 санында жарияланған болатын. Арыз бойынша ОҚО білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы А.Кадырбекова бастаған топ 04.05.2017 жылымен қорытынды акт түзіп, ҚР ӘҚБтК-нің 409 бабы 4 бөлігінің 2 тармақшасы негізінде құқық бұзушылықтардың орын алғаны үшін айыпты деп танып, отыз төрт мың отыз бес теңгеге тең, он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде мекемеге әкімшілік айыппұл салып, аталған айыппұл 01.06.2017 жылы тиісті есепшотқа төленген. Тексеру қорытындысымен мектеп басшысы У.Кожагелдиева сабақ өтпеген орынбасарлары Р.Табылдиева және К.Асилбековаларға 10.05.2017 жылы №142 бұйрықпен «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара көрген. Сонымен қатар мектеп директоры У.Кожагелдиева өз кезегінде ұрымтал жайды бос жіберместен «2016-2017 оқу жылының оқу жоспарын» тауып бере алмағаны үшін орынбасарлары Р.Табылдиева мен

К.Асилбековаға «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара берерде бұл жазаға арыз иесі А.Турбекованы да шеберлікпен қосып жібереді.

Енді, Аудандық білім бөліміне жазылған А.Турбекованың арызы бойынша АББ қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында мектеп директоры У.Кожагелдиеваның жұмысынан бір есекке жүк болардай заң бұзушылықтар анықтайды.

Оның ішінде; заңсыз жұмысқа қабылдау, заңсыз қысқарту, еңбек демалысындағы адамның орнынан айрылып қалуы мен оның орнына кадр қабылдау сияқты өрескел заңсыздықтар орын алған.

АББ анықтамасының соңында «Зерделеудің қорытындысы бойынша арыз иесі А.Турбекованың арызында көрсетілген мектеп ішіндегі олқылықтар мен заң бұзушылықтар толық өз дәлелін табады. Аталған мектептің басшысы У.Кожагелдиева ҚР Білім туралы Заңының 44-бабының 2-тармағын,45-бабының 3-тармағының 1), 2) және 6-тармақшаларын бұзып, заң бұзушылыққа жол бергені анықталды»-делінген.

Дегенмен мектеп басшысының жоғарыдағы заңсыз іс-әрекетіне АББ-нің тарапынан 23.06.2017 жылғы №382 бұйрығымен У.Кожагелдиеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Салыстырмалы түрде қарасақ: А.Турбекованың тарапынан сейфтің кілті ұрланып, құжаттардың жоғалуына байланысты мектеп директоры «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданған болатын. Ал У.Кожагелдиева ханымның жоғарыда аталған қаншама заң бұзушылықтарына АББ тарапынан тек «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылған. Бұл жерде директор У.Кожагелдиеваның Аудандық білім бөліміндегі «қамқоршы-қорғаушысының» арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы сыйластықтың шарықтау шегіне жеткендігі байқалатын сияқты.

26.10.2017 жылы АББ-не У.Кожагелдиева А.Турбекованың үстінен арыз жазған. Еңбекке жарамсыздығына байланысты жаңадан жұмысқа түскен А.Турбековадан АББ қызметкерлері дәл сол күні арыз бойынша тексеруге келіп түсініктеме алып кеткен. (Сарыағаш ауданында бұрын соңды болмаған жылдамдық!). Және дәл сол күні мектеп басшысы АББ-ның қызметтік тексеруін негізге алып А.Турбековаға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданған. Ол аздай, 28.10.2017 жылы А.Турбекованы «лауазымдық қызметінен босату туралы» бұйрық шығарған. Алайда әлгі «жылдамдатылған тексерістің» қорытындысы араға жарты ай салып қана дайын болады да, 15.11.2017 жылы шығыс номерімен тіркеледі.

Сонда әлі тіркелмеген, таныстырылмаған құжатқа сүйеніп алдын ала бұйрық шығарғанын қалай түсінуге болады? Бірінші; У.Кожагелдиева өзінің айтуымен жасалып жатқан іс-әрекеттің немен бітетінін, тексеру қорытындысының қалай жазылатынын алдын ала анық біледі. Өйткені дирижер де сценарист те өзі…

Екінші; «мектепті өз меншігіне айналдырған басшы» АББ-ның тексеруін керек те қылмайды. У.Қожагелдиеваны Сарыағаш ауданында

тәртіпке шақыратын адам қалмаған. Оны айтасыз аудан әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаевтың жауабынан атышулы директордың шамына тиіп қалудан сақтана отырып асқан сақтықпен жауап беретіндігі көрініп ақ тұр. Орынбасар мырза 26.10 күні У.Қожагелдиеваның ЖТ-К-134, 135 нөмірлі екі арыз тіркеліп, сол күні тексеріліп, 27.10 күні сағат 11 00 де оның көшірмесін арыз иесі алып кетеді деп тәптіштеп көрсетеді. Өз саласы бойынша ешқашан көрініс бермеген жылдамдыққа да, таныстырылмаған, күшіне енбеген көшірмемен жұмыстан шығарылып жатқан адам тағдырына да көз жұмуын орынбасардың өз ұчтына қалдырайық. Көрер көзге жауырды жаба тоқып, мектеп директорына жалтақтауы жоғары лауазым иесінің мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне қаншалықты сай келер екен.

Қол астындағы былықты басатын адамның сиқы осы болса бүгінгі күнге дейін жанжалдың тоқтамақ түгілі күннен күнге ушығып, республика ауқымына тарап бара жатқан себебін алыстан іздеп әуре болудың қажеті жоқ сияқты.

25.11.2017 жылы У.Кожагелдиева денсаулығының болмауына байланысты ем алып жүріп сабаққа 20 минут кешігіп қалған А.Турбекованы Еңбек Кодексін белшеден баса отырып, «жұмыстан босату туралы» бұйрық шығарған. Қудалаған соң ақырына бір ақ жеткізейін десе керек — еңбекке жарамсыздық уақытына әлеуметтік төлемдерін және айлық жалақысын төлемей заңды белшесінен басып отыр. Мұның бәрі А.Турбекованының мектеп басшысы және орынбасарының II-тоқсан басталғалы сабақ өтпегенін дәлелдеп әлеуметтік желіге салып жібергеніне қайтарылған жауабы еді… newtimes.kz/eshche/zhizn/item/62951-uchitelnitsa-v-yuko-ustala-boyatsya-i-snyala-na-video-narusheniya-direktora-i-zavucha-shkoly

http://newtimes.kz/eshche/regiony/item/63295-v-yuko-uvolili-uchitelnitsu-snyavshuyu-na-video-narusheniya-direktora-i-zavucha-shkoly

Мектеп директорының осы заң бұзушылықтарынан жәбірленген А.Турбекова енді шындықты облыстық білім басқармасынан іздеп, арыз түрінде У.Кожагелдиеваның үстінен тағы шағымданған. Алайда, басқарма басшысының орынбасары А.Садыкованың қолымен бас маман Д.Ақатовтың «бәрі жақсы деген» сүйкей салды жауабын алып бұл өмірде шындық барынан толық үмітін үзіп отыр. Өйткені, сол маманды мектепте тірідей көрген адамның өзі де жоқ. Тексеруді виртуальды түрде жүргізуді облыстық Білім Басқармасының мамандары қайдан шығарған. Болмаса, оқу орынбасары Р.Табылдиеваның сабақтарын толық өтті деп қалай қорытындылайды. Өйткені №73 мектеп-гимназиясында сабақ уақытында оқушыларды тікелей электронды журналға бағалау, толтыру мүмкіншілігі қарастырылмаған. Сондай ақ, арызда көрсетілген мектеп директоры У.Кожагелдиеваның сабақ өтпегені туралы уәж мүлдем қарастырылмаған, тіпті директор туралы бір ауыз сөз болмауын түсіндіріп беретін адам бар ма?

Арыз артында адам тұрғанын, олар аудан деңгейінде әділдік таппаған жағдайда ғана облысқа шығатынын мұндағылар сезінбейді ма? Жоқ бұл шындықты тек Астанадан іздеуге итермелеу ма?

Әкімі директор мен орынбасарын орнынан алып тастадым деп облыс әкімін алдайтындай, Әкімнің орынбасары жалтақтап сол директордың шашбауын көтеріп, сыбызғысында ойнайтындай, облыстық басқарма сүйкей салып, шығарып салатындай шын мәнінде «Сіз кімсіз У. Қожагельдиева ханым!!!

Р.S. У.Кожагелдиева ханымның мектеп жанынан ашылған шағын орталықты жауып тастағаны, оның қызметкерлерінің тағдыры туралы және бірқатар заңсыз әрекеттері туралы 04.11.2017 жылы «КТК» телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан бүкіл Қазақстан көрген болатын.

 

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша облыс әкіміне жолданған журналистік сауалға да жауап күтілуде…

 

Малика Абдалиева

«Зияткер ON» газетінің  директоры 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here