Астананың 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту

0
1407

Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен «Астананың 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер (арнайы пән оқытушылары ) мен студенттердің облыстық чемпионаты болып өтті.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен «Баршаға арналған тегін кәсіптік — техникалық білім беру» жобасын іске асыру, техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын арттыру және халық арасында оң имидж қалыптастыру мақсатында облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелері өндірістік шеберлері (арнайы пән оқытушылары) мен студенттердің облыстық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Чемпионатқа облыстағы 36 техникалық және кәсіптік білім ұйымдары,  186 адам қатысты (өндірістік шеберлер , арнайы пән оқытушылары мен студенттер) Олар өздерінің теориялық және тәжірибелік дайындығын,  кәсіптік біліктілігін, шығармашылық пен жоғары еңбек мәдениетін , замануи , оның ішінде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алуы бойынша сайысқа түседі. Чемпионат қатысушылардың біліктілігін одан әрі шыңдауға мүмкіндік берсе, халық арасында техникалық және кәсіптік білім алуға қызығушылығын арттырып , кеңінен насихаттауға жол ашады. Чемпионат 2017 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 11. 00 — 17 . 00 аралығында «Көрме» орталығында (Шымкент қаласы, әкімшілік іскерлік орталығы) «Кәсіп иесі» тақырыбымен облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттерінің жасаған бұйымдары мен техникаларының көрмесімен басталды. Көрмені  «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіптік білім беру » бөлімінің басшысы Рахия Асанова , облыстық маслихат депутаттары, қалалық маслихат депутаттары , жұмыс беруші кәсіпкерлерге , әр колледждің жұмысымен таныстырды. Чемпионаттың ашылу салтанаты студенттердің концерттік бағдарламасына жалғасты.

Бибайша Нұржанқызы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here