«Гимназия  күні»  жəне тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы

0
674

9 желтоқсан Ы.Алтынсарин атындағы 65 гуманитарлық- гимназия мектебінің «Гимназия  күні»  жəне тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған көлемді мерекелік іс-шара, және оқушылар қолымен жасалған қолөнер бұйымдар мен ғылыми техникалық жетістіктері көрмесі  Түркістан сарайында болып өтті.

Мақсаты оқушының қолымен жасалған дүниелерді ата — аналарға көрсету, тәлім — тәрбиелік мәні жайлы терең ұғындыру. Сондай — ақ: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына ертеңгі болашағын салауатты қалыптастыру үшін, балалар өздері жасаған ғылыми жетістіктерімен бөлісті. 10 «б» сынып оқушылары дәнді дақылдардың бала тәрбиесіне ұқсастығын ғылыми дәлелденген 10 күндік тәжірибесін көрсетті. Бірдей  көлемде маш дәнді дақылын үш бөлмеге орналастырады. Тәжірибеде дақылдардың онша өнбей қалғанын , отбасында әртүрлі ұрыс — жанжалды отбасының баласына теңеді. Дән өсе алмай , құрғақ күйінде қалғаны, тәрбиенің төмендігінен рухани сусындаған баланы көз алдымызға елестетуге болады. Аздап қана бой көтерген , алайда,  күтімі  жетпей тұрған тәжірибеге қарағанда,  отбасында онша көңіл бөлінбей, назардан тыс өсіп келе жатқан ұрпаққа теңеуге болады. Үшінші ыдыстағы, дақыл жайқалып, жапырағын кең құлаш жайып , өсіп келе жатқаны, отбасында салауатты тұрмыс кешіп, ата — ананың

мейіріміне қанып, бойына   тұлғалы қасиеті дарып , келе жатқан ұрпаққа теңеуге болады. Бір қызығы маш дәнді дақылы бір уақытта, бір күнде тәжірибеге қойылған болып, тіпті, бірдей суарып отырған. Өсуінің айырмашылығы, өспей қалған өсімдікке күнде таңертеңгісін айғайлап , әртүрлі адам жанына бататын сөздер айтып тұрған. Екіншісіне аздап қана жылы сөз сөйлеп, үшіншісіне жылы сөздер мен ой салар әңгімелер айтып, барынша мейірімін беріп өсірген. Мұнымен оқушылар бала тәрбиесінде ата- аналардың мейірімі мен баламен өзара қарым — қатынастарына жетік мән беру керектігін ғылыми дәлелдеп көрсете алған. 

Зергерлік бұйым жасауда мектеп оқушылары өздерінің еңбектерін көрмеде көрсете алды. Алмағанбет Олжас, Шерихан Нұрбақ танымал зергер Аман Мұқажановты өздеріне ұстаз деп біледі. Табиғи тастардан жасалған зергерлік әшекей бұйымдарды көргенде адам көзі қуанады.  Сонымен: Қарапайым қаңылтырды өрнектеп, қиып, тұрмыстық заттар жасаған.  Көрмеге оқушылар ағаштан ойып жасаған еңбектері көпшіліктің көңілінен шықты. Ағаш оюдың қырын үйреніп келе жатқан Мейірбек Елдар мен Әбілхан Асхат та ағаштан жасалған тұрмыстық заттарымен көрменің сәнін келтірді. Бұл жолда еңбек пәні мұғалімі Жетпісалиев Бауыржан ағай  зергерлік пен ағаш оюдың қыр- сырын үйрету жолында бар біліктілігін шәкірттеріне үйретіп келеді. (Фото) Көрмеге оқушы қыздар да құр қолмен келмеген екен. Есенкулова Аяна мен Байқозы Нұржанаттың қолымен жасалған, табиғи жүнді бір — біріне жапыстырып,  орау арқылы тастармен әшекейленген , әйелдер зергерлік бұйымдарына таң қалмасқа болмас. (Фото) Майлы бояуларымен Байлар Айдана да өзінің дарынын көрсете білді. Табиғи жүннен өрнектелген  композициясын көпшілік алдына шығарған Мухамеддин Әсем, Түзелбайқызы Шырайдың , ши өнерін алып келген,  Тұрсын Алуа, Мәлікова Алиналардың  он саусағы өнерге толы екені айқындалып тұрды. (Фото) 21 ғасыр, техниканың қарыштап , дамып келе жатқан кезеңде 65 мектеп оқушылары, 

физика сабағын меңгеріп, робот техникасын құрастырып көпшілікті тәнті етті. 6 сынып оқушысы Аймахан Қасымхан, 11 сынып оқушысы Еркін Бейбарыс  құрастырған робот, 8 сынып оқушысы Егамбердиев Шерзаттың пенопласттан жасалған ұшағына мотор орналастырып , қашықтықтан пульт арқылы басқаратын , озық ойлы балалар, жиылған жұртты тәнті етті.  Көрме соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Түркістан сарайының сахнасында өнер көрсеткен «Қызғалдақ » вокалдық тобы «Ата — әже» әнімен, «Қарша қыз» театрлық қойылымы, «Жұмыр қылыш» биі, «Жалын » тобының «Ақсиса»  әнімен, халықаралық байқауларда жеңімпаз болған «Армандастар» би тобы , жалпы сахнада өнер көрсеткен 700 — ге жуық оқушылар , киелі сахнада өнерлерін жиылған ата- аналарға, қонақтарға тарту етті. Айта кетейін сахнада өнер көрсеткен оқушылардың барлығы халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып келген. Гимназияның 23 жылдық мерейтойы,  үйірме жұмысының есептік жиынын жоғары деңгейде ұйымдастыра білген, өз саласының нағыз көшбасшысы болған Қатира Қырғызбайқызы: » Сіздер көріп , тамашалаған дүниенің барлығы жалғыз менің ғана еңбегім емес, бұл жолда маған қосшы болып, қолдап келе жатқан ұстаздар мен балаларымның еңбегі орасан зор.  — деп , оқушылары мен қолдау көрсеткен ұстаздарға алғысын жеткізді.

Бибайша Нұржанқызы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here