Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңына есептер шығару.  

0
1445

 

Физика

 Сабақтың тақырыбы: Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын есептер шығару  арқылы меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Тақырыптың ғылыми негізін арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

Дамытушылық : Білім, білік дағдысын, іскерлікті дамыту;

Тәрбиелік: Үйымшылдыққа, әрбір істі саналы түрде  орындауға тәрбиелеу

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың типі: Білім мен білікті бекіту және бағалау

Сабақ түрі: Аралас сабақ .

Сабақ әдісі : Блум жүйесі

1.Білу      2.Түсіну        3.Қолдану    4.Талдау  5.Топтау  6. Бағалау

Сабаққа қажетті құралдар мен  көрнекіліктер:

1.Құралдар : Компьютер, интерактивті тақта, амперметр, вольтметр, ток көзі, реостат, өткізгіш сымдар,

  1. Көрнекілігі: электронды оқулық, тестік тапсырмалар, кестелер, қосымша материалдар.

Пән аралық байланыс: математика , қоршаған ортамен, күнделікті өмір

Сабақ  жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу.

б) Олардың көңіл –күйіне, денсаулығы  назар аудару.

в) техника қауіпсіздігімен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :

  1. Білу (Сыныпты екі топқа бөлу.)

«Тұрақты электр тогы» тарауы сұрақтары және   формулаларын  жазу .

1 топ

  • Сұрақ-жауап.
  1. Ток күші деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі.
  2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады?
  3. Электр кернеу деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі?
  4. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.
  5. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?
  6. Ток көзіне нелер жатады?
  7. Токтың әсерлері қандай?

2 топ.

  1. Электр тогы дегеніміз не?
  2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата.
  3. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не?

(өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз)

  1. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата.
  2. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз.
  3. Зарядтардың бөлінуі дегеніміз не?
  4. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?

ІІІ. Жаңа сабақтың барысы :

2.Түсіну

Оқушыларды «ой қозғау» арқылы сол тақырыпқа әкелу, осы тақырып арқылы бұрынғы білетіндерін анықтау, әрі қарай алынатын білімге қызықтыру, белсенділігін ояту.

1 топ. Ток күші                                                   2 топ.  Кернеу

 

1 Ереже  
2 Формула  
3 өлшеу құралы  
4 өлшеу құралының тізбекке жалғануы  
5 Ом заңы бойынша қалай есептеледі?  

 

  1. Қолдану . Схема бойынша берілген құралдар арқылы тізбек құрастыру.

4.Талдау.

Есептер шығару

 

1.Берілгені:          Формуласы                        Шешуі:

I= 3 A                         I=U/R                           R= U/I = 15/3= 5 Ом

U= 15 В

 

 

т/к: R-?

 

 

 

2.Берілгені:            Формуласы:                 Шешуі:

I= 0,4 A                 I=U/R                         U= I•R = 0,4•5= 2 B

R=5 Ом                  U= I•R

 

т/к: U=?

5.Топтау

Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңына есептеулар 

Оқушылар практикалық жұмысқа  дәптерлеріне есептеулер жүргізеді.

І топ ІІ топ
кедергі Ток күші кернеу кедергі Ток күші кернеу
R1, Ом I,A U, B R, Ом I,A U, B
1
2
3

 

6.Бағалау ( Оқушылардың дәптерлерін жинап, тексеру)

  1. Қорытынды

Кері әсер парағы: 1. Бүгін мен не үйрендім ?

  1. Маған не ұнады /ұнамады/ ?

                                 3.Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің ?                                  

V.Үй  тапсырмасы  : §36,37,38

 

Қашқынбаев Амантұр Нұршабайұлы,

Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттағы

дарынды балалар мектеп-интернаты,

Физика- математика пәні мүғалімі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here