Теңдеу  арқылы есептер шығару.

0
10007

Математика

Сабақтың тақырыбы:  Теңдеу  арқылы есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып, оны шешу жолдары мен сөз есептеріне теңдеу құруды үйрету.

Міндеттері:

  • теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау;
  • логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру;
  • өзара ынтымақтастыққа, еңбекті құрметтеуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, қырағылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • теңдеуді шешу тәсілін меңгереді;
  • теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады;
  • күрделі теңдеуді шешу үшін, әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді;
  • оқушылар өз бетінше теңдеу шешуге дағдыланады, ауызша тұжырым жасауға жаттығады;
  • оқушылардың іскерлік дағдылары қалыптасып, математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттығады.

Сабақтың типі: пысықтау, жинақтау

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Лездеме, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, топтардағы өзара бағалау, рефлексия

Құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, флипчарт, слайд, Аctivote, маркер

Көрнекілігі: қима қағаз, тірек сызба.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың барысы:

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.Топқа бөлу(конфетпен)

Психологиялық серпіліс: «Бір сөзбен» әдісі

/оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады/.

/Төзімділік, төзімсіздік, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану, шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік/

ІІ. Үй жұмысын сұрау. /дәптермен жұмысты жұптық жұмыс арқылы тексеріледі, үй жұмысының жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі/

1) 3x+7x+352=4962

x=461

2) 1946:(214-5x)=14

x=15

3) (x-12)∙8=56

x=19

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту. «Кірпіні үйіне жетуге көмектесейік…» /Оқушыларға тақырыптық сұрақтар қойылады, сұрақтың жауабы дұрыс болған жағдайда ғана кірпі үйіне жете алады/

І топ:

— Белгісіз қосылғышты қалай табады?

-Белгісіз бөлінгішті қалай табады?

ІІ топ:

-Белгісіз азайғышты қалай табады?

-Белгісіз азайтқышты қалай табады?

ІІІ топ:

-Белгісіз бөлгішті қалай табады?

-Белгісіз көбейткішті қалай табады?

ІV. Қызығушылығын ояту /Ребусты шеш/     

 = +   ,,,,,, +             ,,, + ,,  /Жауабы: ТЕҢДЕУ/

  1. Мағынаны тану.

І топ «Мозаика құрастыру» /суреттерді құрастыру арқылы/

ІІ топ «Орнын тап» /оқушылар әріптерді құрастыру арқылы математикалық термин сөзді табады/

ІІІ топ «Жаңа білімге көпір салу» әдісі арқылы «теңдеу» ұғымын қалыптастырады.

/Суретпен жұмыс/

І топ: 1.Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 2 есе артық,  ал екі қорапта  барлығы 48 дәптер бар. Бірінші қорапта қанша дәптер болған?

2х +x=48

3x =48

x = 48:3

x=16

x=16*2=32,                   

Жауабы:  бірінші қорапта 32 дәптер болған.

2.Аулада 16 үйрек және балапандар жүр. Егер үйрек саны балапандар санынан 3 есе кем болса, онда аулада  қанша балапан бар?

Үйрек – х

Балапан – 3х

х+3х=16

4х=16

х=16:4

x=4

3x=3*4=12

Жауабы:  12 балапан бар

ІІ топ: 1.Бақта 43 түп жидек өсіп тұр. Таңқурай-13 түп, қарақат шиеден 2 есе көп. Бақта неше түп шие бар?

Шие-х

Қарақат-2х

13+х+2х=43

x=10

Жауабы:10

  1. Бірінші бидонда екіншіге қарағанда  3 есе артық сүт бар. Бірінші бидоннан алып екіншіге 20 л сүт құйса, онда бидондардағы сүт мөлшері бірдей болады. Әрбір бидонда қанша сүт болған?

1-бидонда – 3х

2-бидонда –  х

3х – 20 =x+20

3x-x=20+20

2x=40

x=40:2

x=20               Жауабы:  1-бидонда   3*20=60 л,  2-бидонда 20 л сүт бар.
 

ІІІ топ:
1)Асқабақтың массасын табыңдар.

Оқушылар сурет бойынша асқабақтың массасын анықтайды.

2)Сурет бойынша таразының екі жағын теңестіреді.

VІ.Сергітусәті.«Қыдырып қайтайық»
VІІ.Үнтаспадан ертегі тыңдау. /бірлесе іздеп, талқылау/
Сандар мен белгілер патшалығы қайғыға тап болыпты! Өрнек отбасының бір ханшасы жоғалып кетіпті. Ханшадан еш хабар болмапты. Сонда патша жар салыпты: Кімде — кім белгісіз ханшаны тапса, соған ханшаны әйелдікке беремін және жарты патшалығымды сыйға тартамын. Көптеген патша балалары мен серілер ханшайымды тапқысы келіп іздейді, бірақ біреуі ғана ханшаны тауыпты. Ол қалай тапты екен? Қане, сіздер де тауып көріңіздер:
         І топ:                              ІІ топ:                       ІІІ топ:

  1. 1. 87:( 4x+5)=3 17·(3x-16)=85            1.  (46x-57):3=27

4x+5=29                           3x-16=53                        46x-57=81

4x=24                               3x=69                             46x=138

x=6                                   x=23                                  x=3

  1. 2. 9·(6x-13)=153  2. 3·(8x+51)=201          2. (19x+62):15=13

6x-13=17                             8x+51=603                    19x+62=195

6x=30                                   8x=552                           19x=133

x=5                                     x=69                                 x=7

  1. (46+x)∙2=94 3. (x-16):9=3                 3. 63:(5+x)=7

x=1                                       x=43                                x=4

VІІІ. Бекіту. тест /Аctivote құрылғысы арқылы   теңдеу тарауы бекітіледі/

  1. x+23=41 36+y=74

x=18                                                                 y=38

  1. x-61=17 6y=24

x=78                                                                 y=4

  1. 63:х =7

x=9

ІХ. Үйге тапсырма. №441 есеп

  1. 6m+m-35=21
  2. 17n+14n-145=134
  3. 5n+9n+32=200
  4. (x+57):7=12
  5. (161-y):16=9
  6. 112:(17+x)=4

Х. Бағалау.

ХІ.Рефлексия /алма ағашы әдісі/

Оқушыларға сабақ басында үш түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл -күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма мен тапсырманы орта деңгейде орындадым, көңіл күйім орташа. Сары түсті алма – маған тапсырманы орындау қиынға түсті, көңіл-күйім төмен.

 

 

Бағалау парағы

 

Оқушылардың аты-жөні Үй жұмысы

3 ұпай

Үй тапсырмасын бекіту 2 ұпай Мағынаны тану (топқа тапсырма) 2 ұпай Сабақты бекіту

3 ұпай

Тест

5 ұпай

 

Бағалау 

1              
2              
3              
4              
5              
6              
7              

 

Бағалау кретерий:

13-15 ұпай – «5»

9-12 ұпай  – «4»

4-8 ұпай – «3»

Орманова Мейрамкул Қалданқызы

Тараз қаласы,

№36 орта мектебі,

физика -математика пәні мүғалімі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here