«Өмірге ИӘ деп айт!»

0
1935

Республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру және өткізу бойынша іс – шаралар жоспары

(2017 жылғы 10 ақпан – 10 наурыз)

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №3 – 18 – 3/441 – И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 10 ақпан – 10 наурыз аралығында республикалық көлемде «Өмірге ИӘ деп айт!» республикалық ақпараттық науқан өткізілді.

Шымкент қаласында білім мекемелерінде  өткізілген Республикалық науқан барысында, баланың оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында мектептерде арнайы берілген жоспар бойынша  іс – шаралар ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес ата – аналар жиналысы, тренингтер, профилактикалық алдын – алу жұмыстары, сурет көрмелері атқарылды.  Науқан барысында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Әлеуметтік желінің, интернет ойындарының балаға зиян тараптары» түсіндіріліп, жиналыстар ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің интернеттегі әлеуметтік желінің зиянын түсіндіре отырып жасөспірімдер арасында «Біз ғаламторға қарсымыз», «Қауіпсіз интернет»  сурет байқауы өткізіліп жатқандығын түсіндіре келе ата-аналарға  «Ата-аналар үшін жадынама» таратылды.  5-10 сынып  оқушылары арасында олардың өмір, отан, сынып ұйымшылдығы сияқты құндылықтарын арттыру мақсатында «Өмір қымбатсың  маған!», «Отаным – бақыт мекені!», «Біздің  сынып  ұйымшыл!» тақырыптарында қабырға  газеттерін  шығару байқауы, «Салауаттылық – өмір салты!», «Болашағың  өз қолыңда!», «Жетістікке  жетудің қыры мен сыры!» тақырыбында мектеп оқушыларына тренинг сабақтар, «Өз өмірім – өзіме құнды!» ерекше назарды қажет ететін оқушыларға арналған тренинг сабақтар, «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында ашық сабақтар, «Кең пейілділік пен жомарттық» тақырыбында ашық сабақтар, «Әдептілік – адамгершілік бастауы» тақырыбында ашық сабақ, «Мен және менің отбасым!» тақырыбына шығарма жазу байқауы, сонымен қатар мектептің тәрбие ісі орынбасары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар 5-11 сынып оқушыларына қазіргі кездегі әлеуметтік желі мен интернет ойындарының адам өміріне тигізетін әсері  туралы пікірталас жүргізіп, олардың келтіріп жатқан зиянды жақтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласында білім мекемелерінде өткізіліп жатқан Республикалық науқанның өткізілуін қадағалау мақсатында мектепішілік комиссия мүшелері құрылды.

Осыған орай Шымкент қаласы білім мекемелерінде өткізілген науқаннан ата – аналар, оқушылар жақсы деңгейде әсер алып, балаларына ненің зиян екендігі, қалай көмек беруге болатындығы туралы қосымша кеңестер алды.  «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін тәрбиелі ұрпақтың орны мүлде бөлек»-деп ел басымыз айтқандай біздің жарқын болашағымыз осы жастардың қолында.Оқушыларға достық қарым-қатынасты бағалау,бір-біріне мейірімді болу. Әрдайым сынып жетекшісімен  және ата-аналарының  кеңестеріне құлақ салу,бір-біріне түсіністікпен қарау керек екендігі туралы  науқан барысында мектеп педагог – психологтары, сынып жетекшілері, мен  мұғалімдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бала қызығушылығына қолдау көрсетуде ата-анаға сынып жетекшілері,орынды кеңес бере білудің маңызы зор екендігін жете түсінді. Мектеп мұғалімдері мен ата – аналар, оқушылар  өз ойларын салауатты өмір салтын ұстану – әр азаматтың басты парызы мен міндеті «Өмірге әрдайым ИӘ деп айт!» деген сөзбен ойларын түйіндеді.

 

Қалалық білім бөлімі ғылыми әдістемелік орталығының директоры: К.Сагиндикова

 

Қалалық білім бөлімі ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері: Д.Орынбекова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here