Өзін-өзі тану сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана оқытудың ерекшеліктері

0
1526

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда  ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап,рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.

Өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуг тәрбиелейді.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат – әрбір баланы өз бойындағы және шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.

    «Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл оқушыларды тәрбиелеп шығарады, жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады. Мәселе нені оқытуда емес, қалай үйретуде…….

Өзін-өзі тану бағдарламасының жаңа әдіс-тәсілдері:

Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады:

«Тыныштық сәті», «Дәйексөз», «Мұғалім сыйы»,  «Шығармашылық жұмыс»,  «Топпен ән айту» », «Ойын» т.б. болып табылады.

 Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі           «Тыныштық сәті».

«Тыныштық сәті»- балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте маңызды. Бұл әрекетті кез-келген жерде және кез-келген уақытта жасап көруге болады. Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік ұстап еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып,қолды тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады,өзінің сезімі мен көңіл-күййін жақсы сезінеді.

«Дәйексөз» — балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер,қанатты сөздер,афоризмдер алынады. Дәйек сөз ретінде алынып отырған халық мақал-мәтелдері,нақыл сөздер сабақта айтылатын нгізгі ойды білдіреді.

«Мұғалім сыйы» — балалардың көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, өсиет-әңгіме,өлеңдерді,күнделікті тұрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқаратын маңызды әдістердің бір түрі. Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып,негізгі ойды түсінуге үйренеді. Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп,бойына сіңіреді.Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып,олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді.Мұндай әдеп әңгімелерін тұрақты жүргізу балаға қоршаған ортадағы болмысты тани түсуге қызығушылық тудырып,өз тарапынан ұсынысын, ойын байқатуға жетелейді.

«Шығармашылық жұмыс» — өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу,макет,коллаж жасау әртүрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат  балалардың қызығушылығын туғызу,бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету,ойлау қабілеттерін қалыптастыру,                          өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.

    «Ойын» — балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойындар(іскерлік,сюжеттік-рөлді,қимыл-қозғалыс,дамытушылық)баланың ойлау,есте сақтау, қабылдау,қиял сияқты психикалық үрдістердің дамуына көмектеседі.

  • Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды,оқылған жағдаятты жақсы меңгереді.
  • Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
  • Ойын сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі.

«Өзін-өзі тану»- пәні тәрбиешіге өзінің педагогикалық қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады. Әрбір сабақты дайындап, өткізу саралауды, шығармашылық ізденісті талап етеді.
Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі барысында өзіндік өзгермейтін , міндетті бірнеше негізгі мәселелер бар. Олар:

  • әр балаға жеке дара тұлға ретінде жеке басына сыйластықпен,түсіністікпен қарау;
  • балаларға өз іс-әрекетін жоспарлау және дамыту орталықтарын үйымдастыру арқылы таңдаулары мен дамуын іске асыруға көмектесу;
  • баланың өмірлік дағдысын түгел қамту және олардың өмірді қабылдаудағы жас ерекшелігі ескеріледі.
  • жеке тұлғаның бірін-бірі түсінуі, тәрбиешімен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғыза алуы керек.

ОҚО,Төлеби ауданы, Керегетас шағын жинақты жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ағылшын тілі» және «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Асанова Жансая Жумабекқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here