ӘР ХАЛЫҚ ҮШІН ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН АРТЫҚ ҚЫМБАТ ЕШТЕҢЕ ЖОҚ Құрметті жерлестер, ұстаздар, әріптестер!

0
666

Баршаңызды ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын!

Осы 25 жылда ұлт көшбасшысы – Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты және алдағы уақытта да қоса бермек.

Білім саласының дамуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп, айрықша қамқорлық танытып отыр.

Тәуелсіздіктің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың да сіңірген еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық.

Білім саласының дамуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отыр. Соңғы 25 жылда білім саласына бөлінген қаржы жыл сайын көбейіп келеді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында өңірімізде, яғни Оңтүстік Қазақстан облысында 568 білім нысаны пайдалануға берілді. Оның 444-і мектеп, 77-сі балабақша, қалғаны өзге де білім нысандары. Облыстың білім саласына биылғы оқу жылына бюджеттен 227 млрд. теңге қаралды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 20 пайызға артық. Себебі, облыста мектепте оқитын бала саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы облыстағы 1022 мектепте 584 мыңнан аса оқушы білім алса, биылғы оқу жылында 611 мыңнан аса бала білім алады. Бұл – көңіл қуантарлық көрсеткіш. Тәуелсіздіктің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың да сіңірген еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық.

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Қуандық ҚҰЛАЖАНОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасының басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here