ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

0
796

Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…

Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз!

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ

Елімізде биылғы оқу жылынан бастап білім беру жүйесі жаңартылған мазмұнмен жұмыс істей бастады.

Егемен еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту жоғары жауапкершілікті қажет етеді. Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» — деген еді. Иә, бұл сөздерде қарапайым мектеп мұғалімдеріне бүтін бір елдің болашағына жол салар, жас ұрпағын нұрлы аспанға көз тіктіріп, ұлы армандарға қанаттандырар құдірет иесіне деген үлкен сенім, жауапкершілік жатыр. Сондықтан дамыған елге қарап бой түзеген еліміз ұрпақ бойына білім нәрін себуші мына біздерді ұстаздар қауымын, жаңа заман талабына сай білімін жетілдіруді қолға ала бастады.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында өңірлік және мектеп үйлестірушілері біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» мекемесінің филиал директоры Жанар Сәкімбекқызы Қалғынбаеваның басшылығымен ұйымдастырылған облыстағы барлық аудан және қала мектептеріндегі директорлардың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсқа келіп білімімізді жетілдірдік. Критериалды бағалау жүйесі тақырыбында дәріс алдық.

Критериалды бағалау жүйесі оқушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруды дамытуға бағытталған.

Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр оқушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі мақаламда сол критериалды бағалау жүйесі бойынша әріптестерімнің пікірлерін беруді жөн көрдім:

 

Талғат Раматұлы Малбағаров – Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қарағұр» жалпы орта мектебінің директоры:

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Тәуелсіз Республикамыздың келешегі бүгінгі жастардың, мектеп оқушыларының білім деңгейіне байланысты.

Жаңартылған орта білім беруді білім беру ұйымдарына енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау – білім жетістігінің кілті. Себебі, критериалды бағалау жүйесі, білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, оқушы өзінің білім деңгейін, ата-ана баласының әр пән бойынша нені меңгергенінен ақпарат алып отырады.

Критериалды бағалау жүйесін білім ұйымдарына енгізу, әдістемелік нұсқаулықтар дайындау, педагогикалық кадрларды қайта дайындау, біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізуде Ж.С.Қалғынбаева басқарып отырған Шымкент қаласы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұжымы жемісті еңбек етуде. Аталған орталық қызметкерлерінің алдағы уақытта облыс орталығынан шалғай аудандарға шығып, көшпелі біліктілік арттыру курстарын өткізсе деген ұсынысым бар.

 

Гүлнар Аханбаева – Бәйдібек ауданы, «Майбұлақ» жалпы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі:

Курсқа келген ұстаздар қауымының белсенді, білімді, білікті, жаңашыл, талапты, жауапкершілігі мол, ынтымақшыл, ой-өрісі ұшқыр, сөз саптаулары керемет, іскерліктерінің шынайы екендігін көріп, биыл алғаш рет енгізіліп отырған жалпы білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұны әр мектепте нәтижелі іске асады деп ойлаймын.

 

Малика Паткиева – Шымкент қаласы, Қазыбек би атындағы №3 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Критериалды бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуға, жүйелі жоспар жасап, жедел ақпараттандырып оқыту сапасын арттыруға, бағалаудың түрлері мен тәсілдері арқылы білім алушының жеке қабілеті мен ерекшеліктеріне қарай дамытады.

 

Нодир Алиев – Сайрам ауданы, №6 негізгі орта мектеп-интернатының оқу ісі меңгерушісі:

Курстан алған әсерім, қалыптастырушы бағалауда барлық оқу мақсаттарының қамтылатындығы, әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс берілетіндігі және критериалды бағалау нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылатын үрдіс. Өз іс тәжірибемде нәтижелі түрде қолданамын.

 

Луиза Ақбай – Сарыағаш ауданы, С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі:

Критериалды бағалау оқу курсында бізге жетекшілік еткен Раушан Балтабайқызына алғысымыз шексіз. Ол тыңнан түрен сала білетін, дара жолды таба білетін өз мамандығының хас шебері.

 

Бәкен Жүнісбеков – Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Модерация бойынша бағалаудың бірыңғай стандарттарын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі, яғни оқушының білім сапасы әділ, айқын, талқыланған түрде қойылатын болады.

 

Карима Омарова – Созақ ауданы «Басулак» бастауыш мектебі КММ:

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», менің жастығыма қарамай тренеріміз Раушан Тұрсынбайқызынан алған сабағым, үйренген әдісім, біліміме білім қосқанымды маған артылған міндет деп білемін. Курста кәсібилігім шыңдалды десем болады.

 

Айнұр Байсенгирова – Сарыағаш ауданы, №59 жалпы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі:

Екінші топтағы тыңдаушылар 30 адамнан құралды. Топтағы тыңдаушылар арасында өзге ұлт өкілдері де болды. Барлығы да ынтымақпен білім алды. Бұл бағалау жүйесінің еліміздің дамуына үлкен әсері бар.

 

Ербол Расылов – Түлкібас ауданы, О.Кошевой атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі:

ПШО курстан «Критериалды бағалау» бойынша жаңарту білім мазмұнына өзгеріс енгенін, бұл бағалау жүйесі оқушылардың білім сапасының дамуына өте қолайлы екендігін, мұғалімнің кәсіби дамуына үлкен септігін тигізетінін байқадым.

 

Садырхан Сулайманов – Шымкент қаласы:

Рубрика – бағалау критерийіне сәйкес оқушының оқу жетістігін, яғни, бөлім ортақ жиынтық бағалау деңгейлерін ата-аналарға жазып отырады. Ата-аналармен байланыс орнатуға өте тиімді әдіс екенін байқадым.

 

Самат Қонақбаев – Қазығұрт ауданы, Ынталы атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі:

Критериалды бағалау төмендегі 5 қағидаттарға сәйкес жүзеге асады:

  1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы;
  2. Шынайылық, сенімділік, валидтілік;
  3. Ашықтық және қолжетімділік;
  4. Үздіксіздік;
  5. Дамуға бағыттау.

 

Сапарғали Аширбеков – Мақтарал ауданы, мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты КММ-ң математика пәнінің мұғалімі:

Критериалды бағалау жүйесін жетік меңгеріп алдым. Атап айтқанда, қалыптастырушы бағалау: Сабақ барысында қолданылады. Тәжірибелік білімін өлшейді. Оқуды түзету үшін кері байланыстың қажеттілігі, бағаға әсер етпейді. Жиынтық бағалау: оқуды аяқтаған кезде қолданылады. Оқуды тәмамдаған кезде материалды меңгеруін өлшейді. Қорытынды баға қою үшін қолданылады. Бағалау критерийлер бойынша қойылады.

Ата-ана өз баласының білімін нақты біліп отырады. Баға электронды журналға қойылып, ақпарат арқылы көрсетіліп отырады. Байқағандарыңыздай жаңа жүйенің артықшылығы көп.

Қаламқас СЕЙІТОВА,

№20 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі.

Сарыағаш ауданы,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here