ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕР ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

0
647

Мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек — оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін еңбек ету талабын қалыптастырудың зор маңызы бар. Бұл міндет адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігі мен мүддесіне сай келетін және моральдық қанағаттану сезімін беретін іспен шұғылданған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу – еңбекті дұрыс таңдап алумен тығыз байланысты. Еңбекте шығармашылық тұрғысынан қарау ғана еңбекті тек жасау мен материалдық игілік алудың құралына, ортақ рухани және ең алдымен адамның адамгершілік дамуының құралына айналдыра алдады.

Оқушыларды еңбек қызметіне іс жүзінде даярлау міндетінің де маңызы бұдан кем емес. Өйткені адам белгілі бір еңбек дағдыларына ие болмай отырып, еңбек ете алмайды, еңбек процесіне оқушыларды мектептегі практикалық еңбек қызметіне тарту жолымен ғана еңбекке қатынастың негізін қалауға болады.

Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер халық қолөнерінің тамаша туындылары.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үй сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, өрнек тоқу кең өріс алды. Бұл кезде ер адамдарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле шашбау, білезік, сырға жасап оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына жоғары талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа неше алуан түрлері жасалып отырады. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру ісін кейбір шеберлер қолға ала бастады. Бұл өте игілікті іс. Оны ары қарай жаппай дамыту қажет.

Оқу мен күш жұмсалатын еңбек оқушылардың қоғам алдындағы ең бірінші елеулі де үлкен міндеті. Сондықтан да оқушыны елеулі оқу еңбегіне оқулықтар, әдебиеттермен үнемі жұмыс істеуге дағдыландыру үшін лабораториялық жұмыстарды, байқауларды өткізу, есептер мен өлшемдерді жүргізу техникасын үйрету, дербес жұмыс дағдыларына ие ету, сондай-ақ мектептегі немесе үйдегі өзінің жұмыс орнын даярлай білуге үйрету – педагогиканың да басты мақсаты. Міне, осының бәрі мектептегі еңбек тәрбиесінің аса маңызды құрамды бөлігі болып табылатындығы даусыз.

Оқушыларға өздері оқып үйренетін ғылым негіздерінің іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың бойында практикада алған білімдерді қолдану дағдыларын жасаудың маңызы зор.

Зулхумар ХУДАЙБЕРДИЕВА,

№81 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектеп, технология пәні мұғалімі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here