«ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ТУ ЕТКЕН ЖЕЛТОҚСАН» атты дөңгелек үстел өткізілді

0
662

Шымкент қаласының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арнаған іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде «Тәуелсіздікті ту еткен желтоқсан» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында тарих пәнінің мұғалімдері 7-11 сынып оқушыларымен Тәуелсіздіктің құндылықтары жөнінде және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы пікірлесті. Іс-шара оқушылардың өз Отанын құрметтеу және патриоттық рухтарын ояту, өз пікірлерін еркін жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

Сонымен бірге дөңгелек үстел барысында Тәуелсіздігінің 25 жылда қол жеткізген жетістіктері мен толағай табыстары туралы әңгімеленді.

Іс-шараға 167 000-ға жуық оқушылар қатысты. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде аталып өтіп, көпшілік көңілінен шықты!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here