ТАУЫҚ БОЛЫП, ТАРЫ ЖЕП ОТЫРМЫН

0
1457

Баяғыда Қызылордада әйгілі Нартай Бекежановтың жақын досы Әлібек Бәйкенов (1889 – 1944) деген халық ақыны болған еді. Тілге шешен, өлеңді табан астында суырып салатын Әлекеңді облыс басшылары үлкенді-кішілі жиын-тойларға шақырып, сөз сөйлетіп, жұрттың көңілін бір көтертіп алады екен. Бірде қалада болатын сондай бір жиналысқа шақыртып, бастықтар қолқа салған кезде ақын төсек тартып, қатты ауырып жатады. Ауырып жатса да шабарман жігіттен бастыққа мынадай бір хат ұстатып жіберіпті:

«Даңқым таныс өзіңе,

Менің атым Әлібек…

Риза болып сөзіме

Қол соққан ел

«пәлі!» деп.

 

Жиналысқа баруға

Әлібектің әлі жоқ.

Үйден шықпай жатырмын,

Тауық болып…

тары жеп».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here