ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0
850

2016 жылдың 8-10 қараша аралығында Алматы қаласында «Бөбек» орталығында «Өзін өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада болып өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан облысы атынан облыстық байқауда бас жүлде жеңіп алған, С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Елемесова Жазираның жетекшілігімен, құрамында С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушылары Оспанова Дана, Шерхан Салтанат, М.Әуезов атындағы мектептен 8-сынып оқушысы Майданова Сымбат, «Самал» орта мектебінен 7-сынып оқушысы Төлеген Дамира, «Қызыл Ту» жалпы орта мектебінен 9-сынып оқушысы Дініқұл Фаризалар бар Сарыағаш ауданының командасы қатысып, бақ сынап қайтты. Аталған олимпиадада оқушыларымыз өз білімдерін дәлелдеп, жүлделі ІІ-орынға ие болды.

Жүлдегер оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығар шыңдары мен бағындырар белестері көп болсын!

«Зияткер-ON» ақпарат

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here