ОБЛЫС ӘКІМІН ДЕ АЛДАУҒА БОЛАДЫ МА? Немесе бізде тағы да арыз…

0
1736

ОҚО әкімі Ж.Түймебаев мырзаға, ОҚО білім басқармасының басшысы И.Сағындыковтың ОҚО прокуроры   Абдиров Нургалым Мажитовичтың назарына!!!

 

Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы 73 Ө.Жәнібеков мектебінің бітпейтін жырын біз жария еткелі  жарты жылдан астам уақыт өтті.  Осы арада республикалық  КТК телеарнасының «Дау-Дамайсыз» бағдарламасы да шиеленіскен оқиғаны зерттеп көріп еді. алайда, іс насырға шапты. Арыз үстіне арыз жамылған У. Қожагельдиева әлі де өз орнында тапжылған жоқ.  Әңгіме қуатын, жалған ақпаратты жағалайтын басылым емеспіз. Ұстаздар  қауымына  түскен қиыншылықты бірге көтеретіндігімізді көпке мәлім етеміз. Сол хабардан кейін болған заңсыздықтың құрбаны,  жұмыстан қуылған ,  А.Турбекованың( байырғы оқу ісінің меңгерушісі) арызын қаз-қалпында жариялауды жөн көрдік.

 

Мен Турбекова Айгүл Паримбайқызы жоғарыда көрсетілген мектеп-гимназияда 2002 жылдан география пәнінің мұғалімі болып, 2012 жылдың 03 қыркүйек айынан директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеп келемін.

Менің арыз беру себебім, жоғарыда аталған мектеп директоры Қожагелдиева Увайда Арыстанқызы 21 жылдан бері мектеп басқарып келу барысында өзінің лауазымдық қызметін асыра пайдалана отырып, мектепті өз жеке меншігіндей басқаруды әдетке айналдырған. Еңбек кодексінің 23-бап 2-тармақ 1,9-тармақшаларын, 25-бап 1-тармағын және ҚР «Білім туралы заңының 3-тармақ 1,3,6-тармақшаларын өрескел бұза отырып, жұмыс беруші тұлға ретінде қарамағындағы қызметкерлерді тең дәрежеде қарамай, еңбек саласындағы кемсітушілікке және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері теңдігінің шектелуіне жол береді. Атап айтқанда мектеп директоры У.Қожагелдиева тарапынан мені моральді және психикалық қысым жасау әдістерін қолдана отырып қудалауда.  Мені жұмыстан босату мақсатымен 16.02.2017 жылы менің яғни өз орынбасарының үстінен аудандық білім бөліміне арыз жазып, ол арыз бойынша ештеңе дәлелденбеген соң, 26.10.2017 жылы өзінің басшылық лауазымын пайдаланып, мұғалімдерді ұйымдастыра отырып АББ-не үстімнен  тағы арызданған. Арыз бойынша АББ-нен комиссия келіп зерделеу жұмыстарын жүргізді. Алайда зерделеу барысында АББ-нің қызметкерлері ол арызбен мені тек ауызша ғана таныстырып, көшірмесін қанша сұрасамда қолыма бермей менен түсініктеме алып кеткен болатын. Арадан бір күн өткенде 28.10.2017жылы мектеп директоры У.Кожагелдиева «Сарыағаш АББ-нің қызметтік тексеру қорытындысын негізге алдым» — деп №350 санды «мені лауазымдық қызметімнен босату» туралы бұйрық шығарып, ұжым алдында жариялады.(бұйрықтың көшірмесі қоса тіркеледі) Мен ұжым алдында бұл бұйрықпен келіспейтінімді, себебі АББ-нің анықтама-қорытындысымен мүлдем таныспағанымды айтып, сол анықтама-қорытындының көшірмесін беруді сұрадым. Ал У.Қожагелдиева анықтама-қорытындымен менің танысуым шарт еместігін, «өйткені арыз жазған мен, анықтама маған беріледі» — деп және ол анықтама-қорытындыны АББ қызметкерлеріне қайта беріп жібергенін айтып, не керек қолыма бермеді.

28.10.2017 жылы №350 бұйрық өте сауатсыз түрде шығарылған, себебі:

 1) Бұйрыққа негіздеме АББ қызметтік тексеру қорытындысы деп жазылған, ал ол құжаттың шығыс уақыты, тіркеу номері көрсетілмеген.

2) ҚР Білім туралы заңының 51-бап 3-тармақ 7,8-тармақшаларын бұзған деп жазылған. Ал мен ешқандай оқушының ар намысына тиіп, әдепсіздік көрсеткен емеспін. Ондай қылық менің бүкіл педагогикалық өтілімде де байқалмаған.

3)  ҚР Білім және ғылым министрінің 502 бұйрығын және соған сәйкес нұсқаулықтарды орындамаған деп жазылған. Ал 502 бұйрықтың нақты қай нұсқаулықтары екені көрсетілмеген.        

4) Арыз бойынша АББ-қызметкерлері жүргізген зерделеу жұмыстарынын анықтама-қорытындысы бойынша менен түсіктеме алынбаған.

5)  Бұл жайттармен мектеп кәсіподақ ұйымы комиссиялары өз уақытында таныстырылмаған, себебі бұйрық алдын-ала олардың келісімінсіз  асығыс шығарылған.

 

30.10.2017 жылы мектеп директоры шақырған өзін тәуелсіз заңгермін деп таныстырған Мүсір Құрманғазы Мұстафаұлының қатысуымен мектепте өндірістік жиналыс өтті. Жиналыста мен №350 бұйрықпен келіспейтінімді әлі анықтама-қорытындымен таныспағанымды тағы айттым. Сол кезде жиналысқа қатысушы мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Муратова ол бұйрықтың күші жойылатынын, ол бұйрыққа келісім бермегенін және оған негіздеме АББ анықтама-қорытындысы (черновой вариант) түпнұсқасы әлі тіркелмегенін айтып өтті. Осы айтылғандарды есітіп сол күні 30.10.2017жылы құжаттардың көшірмелерін беруін сұрап мектеп директоры У.Кожагелдиева және АББ басшысы Б.Майриховқа жазбаша түрде өтініш жолдадым.(өтініштің көшірмелері қоса тіркеледі) АББ кеңсе бөлімінің (канцелярия) қызметкерлерінен сұрағанымда ондай құжаттың әлі тіркелмегенін айтты. Ал мен 30.10.2017 жылы жазған өтінішіме бүгінгі күнге дейін не мектеп директоры У.Кожагелдиевадан не АББ-нен жауап ала алмадым.

Мектеп директоры У.Кожагелдиева осынша уақыттан бері өз басшылық лауазымын асыра пайдалана отырып, заңдылықты сақтамай жасаған әректтері менің педагогикалық абыройымды және еңбек құқықтарымды таптап моральді тұрғыдан соққы жасағандықтан денсаулығыма нұқсан келтірілді.

Денсаулығым болмай емделуіме байланысты еңбекке жарамсыздық парақшаларымды (больничный) тапсырсамда еңбекке жарамсыз уақытыма төленетін жәрдемақыны бүгінгі күнге дейін төлемей отыр.  (Еңбекке уақытша жарамсыз парақшалары қоса тіркеледі) Бұл заңсыз әрекетімен менің әлеуметтік құқықтарыма шектеу қойып отыр. Ал өзі отбасылық жағдайымен ақысыз демалысқа шыға отырып бірақ ол күндерге толық еңбекақысын алып отыр.(бұйрықтың көшірмесі қоса тіркеледі)

Осы заңсыздықтары АББ-нің зерделеу жұмыстары бойынша 23.06.2017 жылы №ЖТ-Т-58 санды тіркелген анықтамасының 9-10 беттерінде де анықталған. (Анықтама көшірмесі қоса тіркеледі)

Осылайша мектеп-гимназия директоры У.Қожагелдиева бей-берекет кадр қабылдаумен және өзіне ұнамаған кадрларға қысым көрсетіп,қудалауға көп уақыт кетіргенімен, білім мекемесінің басшысы ретінде оқушылардың білім сапасы мен тәрбиесіне, оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайлы жағдайлар және мектептің санитариялық жағдайы мен қауіпсіздік жағдайларының  қарастырылуына мүлдем көңіл бөлмейді.Атап айтсақ:

  1. Оқушылар мен мұғалімдердің сабақ өту кабинеттеріне ыңғайлы жағдай қарастырылмаған (101-111; 201-211; 301-311 кабинеттерде наурыз,сәуір,мамыр,қыркүйек және қазан айларында кабинеттің ыстығынан сабақ өту және сабақта отыру мүмкін емес,себебі кабинет терезелері өте ыңғайсыз үлкен және ауыр болғандықтан кейде оқушылардың басына түсіп кетіп жатады,ал қыс айларында терезенің өте ыңғайсыз үлкендігінен ашып ауа кіргізуге мүмкіндік жоқ )  (кап.ремонт)жөндеу жұмыстары кезінде ыңғайсыздық жағдайларға көз жұма қарап, қабылдап алған;
  2. 1700-ден астам оқушылар мен 200-ге жуық мұғалімдерге ешқандай санитариялық жағдайлар қарастырылмаған(әжетханадан келген оқушылар мен мұғалімдерге қол жуатын қол жуғыш жоқ);
  3. Оқушылар мен мұғалімдерге ішетін ауыз су өз деңгейінде қарастырылмаған;
  4. Ұл балаларға өтілетін технология кабинетінің суығында сабақ өту мүмкін емес(қыс айлары тұрмақ,жаз айларында кабинет суық)
  5. 2017-2018 оқу жылының І ауысымдағы сабақ кестесін дайындаған Р.Табылдиева ережеге сай талаптарды орындамаған(бөлініп өтетін сабақтар мәселен технология (ұлдар)бір ғана кабинет болғандықтан параллель сабақтар бар,бөлініп өтетін бейіндік пәндер бойынша кабинеттері дұрыс жайғастырылмаған, яғни тағы да параллель,бейіндік пәндері қай кабинетте өтілетіні белгісіз,сабақ кестесінде кабинет нөмірлері көрсетілмеген,сабақ кезінде мұғалімдер қайда өтетінін білмей кабинет іздеп жүреді және негізгі сабақтар 7-ші соңғы сабаққа қойылған.Мектеп басшысы ретінде У.Қожагельдиева осындай сабақ кестесіндегі дөрекі кемшіліктерді ескермест н, көз жұма қарап, бекітіп отыр;
  6. Жас мамандарға мүлдем көмек көрсетілмейді және оларға мүлдем жағдайлар қарастырылмайды (әдістемелік көмек, мектеп әкімшілігі тарапынан ешқандай қолдау жоқ);
  7. Гимназия сыныптарына берілетін 0,25 ставка үйірме жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізуіне ешқандай ыңғайлы жағдай қарастырылмаған (үйірмені жүргізетін кабинеттер мен уақыты белгісіз, ол мектеп директорының мөрімен бекітілмеген);
  8. Мектеп-гимназия статусын алғанына 15 жыл болғанына қарамастан, гимназияның ғылыми-әдістемелік жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейді(гимназия сыныптарының жай сыныптардан айырмашылығы жоқ,оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулуіс-әрекеттері жүргізілмейді);
  9. Мұғалімдерден жаңа технология бойынша жұмыс жасауын мектеп басшысы ретінде талап етеді,алайда мұғалімдерге мектеп басшысы тарапынан жағдай қарастырылмайды (мұғалімдер басқасын былай қойғанда қарапайым борды да өз ақшаларынан алады, мектептен ешнәрсе берілмейді);
  10. Мектеп мұғалімдері мен мектеп басшысы арасындағфы келісім-шарт өз уақытында,өз дәрежесінде жасалынбайды (мұғалімнің жұмыс уақыты,оқушылардың каникул кездеріндегі жұмыс уақыты,демалыс уақыты,айлық жалақысы көрсетілмейді);
  11. Мектеп қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру бұйрықтары еңбек кітапшасына тіркелмейді (көпшілік мұғалімдердің,атап айтқанда декреттік демалыстағы мұғалімнің орнына уақытша қабылданған мұғалімдер еңбек кітапшасында көрсетілмейді,яғни кадрды қабылдау бұйрығы мен еңбек кітапшасындағы жазылым сәйкес келмейді)

 

Жоғарыдағы аталған осындай  іс-әрекеттерін тексеріп,орын алған заңсыздықтарды тоқтатуыңызды сұранамын.

 

 

ОҚО әкімі осы мәселе бойынша Сарыағаш ауданының әкіміне  нақты тапсырма берген болатын, алайда аудан активі белгісіз сылтаулармен заңды белшесінен басқан  У. Қожагелдиеваны қамқорлығына алып отырған сыңайлы. Олай айтуымызға негіз бар,  бұл ханым әлі уақытқа дейін жылы орнын босатпаған. Аудан әкімінің облыс әкіміне берген жауабы бойынша, бұл азаматша өз орнын баяғыда ақ босақтан көрінеді. Сонда аудан әкімі облыс әкіміне жалған ақпарат бергені ме? Немесе тағы бір заңсыздықтың орын алып тұрғаны ма? Осы орайда біз облыс әкімінің баспасөз хатшысынан сұрағанымызда «Осы аудан бойынша комиссия құрылды, әкім жиында аудан әкімне қадап тапсырды, комиссия  жұмыс істеп жатыр, барлығымыз жан-жақтан алғанда ғана жөнге келтіре аламыз деп ойлаймын» деген жауап алдық. Лайым солай болсын!

 

Малика Абдалиева

«Зияткер ON» газетінің директоры-бас редакторы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here