«НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗІЛДІ

0
1639

Шымкент қаласының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде «Нұрлы болашақ» атты тақырыпта ашық сабақтар өткізілді.

Сабақ барысында «Мәңгілік ел» – болашаққа бағдар етіп ұлтты ұлы мақсаттарға жетелейтін, қазақ халқының ұлттық ұстанымы боларлықтай идея екені айтылды. «Мәңгілік ел» идеясы – ел тарихындағы жаңа дәуір болғанын, дамыған 30 елдің қатарына кіруге жаңа серпін беретін жоба екені әңгімеленді.

Мұғалімдер мен оқушылар «Мәңгілік ел» – ұлттық идеясының қағидаларын қарастырды. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауындағы жастарға арналған негізгі бағыттарына тоқталды. Ондағы ең бірінші бағыт білім мәселесі екендігіне оқушылардың назарын аударды. Сабақ қызық және тәрбиелік жағынан мағыналы өтті. Сабақтың нәтижесінде аталған идеяларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталғаны айқын көрінді.

Сонымен бірге, ашық сабақ барысында оқушылар Қазақстанның болашағы қазіргі жастардың қолында екенін терең сезініп, өз пікірлерімен бөлісті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here