МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРДЫ ІРІКТЕДІ

0
670

«… Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру — бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында» ”деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Демек, бүгінгі ұстаз білімді әрі бәсекеге қабілетті болуы қажет. Осы мақсатта мұғалімдердің  білімінің деңгейін анықтайтын  тест жұмыстары да жүргізілуде. Одан бөлек, Шымкент қалалық білім бөлімі білім сапасы мен  білім  ошақтарындағы материалдық-техникалық базаны жақсартуда ілкімді істер атқаруда. Түсінікті болу үшін, әр тақырыпқа жеке тоқталуды көздедік.
МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРДЫ ІРІКТЕДІ

Шымкент қаласы, «U study» орталығында мұғалімдерге арналған тесттің 2-кезеңі өтті. Сынаққа гуманитарлық бағыттар бойынша 1-кезеңінен 27 балдан жоғары еншілегендер жəне жаратылыстану бағыты бойынша 24 балдан жоғары балл жинаған педагогтар қатысты. Көрсеткіш оң нəтиже беріп, қала мұғалімдері арасында үздік ұстаздар іріктелуде.

 

РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Жаңартылған білім беру бағдарламасы  негізінде іске қосылған робототехника үйірмесін енгізудегі мақсат — оқушылардың ой-өрісін дамытып, оларды ғылымға баулу. Қазіргі таңда Шымкент қалалық  білім бөліміне қарасты 75 мектепте робототехника үйірмесі бар.  Бұған жергілікті бюджеттен 187 млн. 794 мың теңге қаржы бөлініп, 375 робототехника құрылғысы сатып алынды. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы 19 мектепке биылғы жылдың аяғына дейін робототехника кабинетін ашып, оны жабдықтау  жоспарланған.

Робототехника үйірмесінің артықшылығы сол, балалар өз қабілеттеріне сенімді болып, робот құрастыруды ерекше қызығушылықпен әрі тез үйренуде. Бұл – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, өзге пәндерді жақсы меңгеруге де өз септігін тигізері анық.

 

МЕКТЕПІШІЛІК ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ — «I-mektep.kz».

40 мектепке енгізілген электронды бақылау жүйесі бүгінгі таңда оң нәтиже көрсетуде.  Аталған жүйе орнатылған мектептер бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысына сәйкес, 2016-2017 оқу жылының I жартыжылдығы II жартыжылдықпен салыстырғанда сабақтан себепсіз қалу деңгейі 75%-ға, құқықбұзушылық өткен жылы 6 қылмыс тіркелсе, биылғы жылы мүлдем орын алмаған және  оқушылардың үлгерімі 12%-ға пайызға жоғарылап отыр. Бұл қызметтің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланысты нығайту. Сондай-ақ, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі мен тәртібінің көрсеткіштерін электронды түрде бақылау және сапасын арттыру.

 

БАЛАЛАРДЫ 1-СЫНЫПҚА ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ

Балаларды мектепке электронды түрде қабылдау жүйесі — білім саласындағы ашықтықты, айқындықты, жариялылықты  қамтамасыз етеді. Жүйенің негізгі мақсаты  — сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, ата-аналардың білім мекемелерін (білім сапасы, материалдық базасы және т.б.  мәліметтерді сайттан көру) ашық портал арқылы таңдау  мүмкіндігімен қамтамасыз ету, мектепке баланы интернет желісі  арқылы қабылдау, әділдік қағидаларын сақтау, халыққа қолжетімділік мүмкіндігін ұсыну және қағазбастылықтың алдын-алу. 2017-2018 оқу жылына электронды бақылау жүйесі бойынша қала мектептерінің 1-сыныбына 21 945  оқушы қабылданды.

Айта кету керек, аталмыш жүйе қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, республикада алғашқы болып біздің өңірімізде енгізілген.

 

 БАЛАБАҚШАЛАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ЖОЛДАМА БЕРУ

Шымкент қаласы бойынша жалпы балабақша саны – 426 (88 мемлекеттік, 21 шағын орталық, 317 жекеменшік), бала саны – 68 174.

Бүгінгі таңда,  18 349 балаға электронды жүйе арқылы балабақшаларға жолдама берілді. Ата-анаға және балабақша мекемесіне автоматты түрде жолдама берілгені туралы ұялы телефондарына хабарлама (СМС) жіберіледі.

Бұл жүйе – балаларды мектепке дейінгі мекемеге орналастыруда ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ете отырып, адами фактордың орын алуына жол бермейді. Енді балабақшаларға жолдама алу үшін әр тоқсан сайын өтетін комиссия отырысын күтпейді. Босаған орынға күнделікті автоматты түрде бала қабылданады.

Жүйенің негізгі мақсаты: 

—    Баланы балабақшаға интернет арқылы орналастыру;

— Ашықтық, әділдік қағидаларын сақтау, халыққа қолжетімділік мүмкіндігін ұсыну, көптеген қажетсіз комиссиялар мен қағазбастылықтың және сыбайлас жемқорлық қаупінің алдын-алу;

— заманауи технологияларды ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жаңарту.

 

«T-HUNTER.KZ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ

«T-hunter» бағдарламасы мамандардың білімін анықтап, сол мезет тұрақты жұмысқа тұруына мол мүмкіндік сыйлауда. Әділдік қағидаларын насихаттау үшін құрылған арнайы жүйе  бойынша ұстаздар конкурс негізінде іріктеледі. Бос орындар  thunter.shymkent.gov.kz ресми сайтына жарияланады. Құжат тапсырған үміткерлер мекеме басшысы, білім бөлімінің өкілі, ата-аналар комитетітінің мүшесі, қоғамдық ұйымның өкілі және БАҚ өкілдерінен құрылған комиссия отырысының әңгімелесу кезеңінен «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» мекемесінде өткізілуде. Комиссия мүшелерінің шешімі электронды дауыс беру тәсілі арқылы веб-сайтта жарияланып, ең көп дауыс жинаған үміткер мекеме басшысына  ұсынылады. Бүгінгі күнге дейін конкурстық жүйе бойынша 674 комиссия отырысы өткізіліп, 413 педагог қызметкер жұмысқа қабылданды.

ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

Аталмыш мақаланың білім мекемелерінде орындалуы үшін алдымен 2017-2018 оқу жылына арналған  жұмыс жоспары білім бөлімі тарапынан бекітіліп, барлық білім мекемелеріне орындалу үшін жолданған. Іс-шаралар жоспары үлкен 4 бағытты қамти отырып, түзілді.

        Бірінші бағыт  — «Өлкетану». Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени орындарды, мұражайларды, саябақтарды саяхаттауға, көне жәдігерлерімізді оқушыларға таныстыруға,  ұлы тұлғаларымызбен батырларымыздың жасап кеткен ерліктерін мақтанышпен өзінің бойына сіңіруге бағытталған. Өлкетану жобасын жүзеге асыру үшін жаз айларында қасиет қонып, құт дарыған қазақ даласының тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін хикметке толы мекендерді оқушыларға таныстыру мақсатында «Туған жерге – тағзым» тақырыбында   облысымыздағы Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Бәйдібек аудандарымен  Түркістан, Шымкент қаласындағы тарихи-мәдени орындарға, мұражайларға 550 оқушы саяхат жасады. Сонымен қатар, күзгі демалыс кезінде жоғарыдағы аталған мекендерге 320 оқушы саяхат жасады. Білім беру мекемелерінде «Туған өлке тарихы»тақырыбында қаладағы мәдени орындарында факультативтік сабақтар, «Өскен өңір», «Туған өлке соқпақтары» тақырыбында мектеп оқушылары арасында қалалық байқаулар ұйымдастырылды.

        Екінші бағыт – «Отаным тағдырым». Өз елін, отанын сүйетін, дені сау Қазақстанның жаңашыл негізін қалайтын саламатты азаматтарды қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізілуде. Жаз мезгілінде «Отаным тағдырым» бағытында «Мақтанышым – Астана!» шеңберінде «Отанымыздың Елордасы – Астанамен танысамыз» өлкетану экскурсиясына 3650 оқушы қатысты. Бұл оқушылар Астанаға барғанда бірінші болып, «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін тамашалады. Сонымен қатар Астана-Бәйтерек монументі, Хан шатыры, Думан ойын-сауық орталығы, Ұлттық мұражай, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Хазірет Сұлтан мешіті, Тәуелсіздік сарайы, Қазақ елі монументі және т.б. Астанамыздың көркін ашып тұрған ғимараттармен танысты. Бұл бағыт бойынша барлық білім беру мекемелерінде түрлі тақырыпта жыр сайыстары, гала концерттер, жоғары сынып оқушылары мамандықты дұрыс таңдау мақсатында еліміздің табысты азаматтармен кездесулер, балалар арасында айтыс, Шабыт шеруі, Жас-Ұлан слеті, «Туған жерім — тұғырым» атты жас ақындар мүшайрасы, «Ерікті кітап өткізуші» қайрымыдылық акциялары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар Барлық білім беру мекемелерінде жергілікті жерлерден шыққан танымал азаматтарға арнайы стендтер дайындалуда.

Үшінші бағыт – «Саналы азамат». Жаһандық және аймақтық нарықта бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бұл бағыт бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде түрлі спорттық сайыстар, флэш-мобтар, әскери патриоттық акциялар мен жиындар, «Таза көше» акциялары, мектеп оқушылары арасында экологиялық салауттылықты дамыту және «Жасыл ойлауды» қалыптастыру мақсатында семинарлар, фестивальдер, көрмелер, мастер-класстар, кездесулер ұйымдастырылуда.

Төртінші бағыт – «Кітап-білім бұлағы». Кітап оқуды мәдениеттің маңызды элементі және жастардың  интеллектуалдық әлеуетін көтеру, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, шығармашылық және әлеуметтік  белсенділігін арттыру құралы ретінде, бүкіләлемдік жағдай жасау.   Бұл бағыт бойынша білім беру мекемелерінде әр апта сайын «Жаңа кітап – жаңа ой-пікір» тақырыбында пікір сайыстар ұйымдастырылуда.  «Сиқырлы» кітаптар елінде, Ертегілер еліне саяхат тақырыбында                        1-4 сыныптар арасында ертегі кейіпкерлерін жатқа айту сайыстары, «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында ЭССЕ байқауы, «Кітап арқылы өзіңді және өзгені таны» көрмесі ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Мектеп оқушыларының кітап оқуына қызығушылығын танытатын түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, кітап көрмелері, дебаттық жарыстар, тренингтер, поэзия кештері, мәнерлеп оқу байқаулары, көркем сөз оқу байқаулары, жергілікті ақын-жазушылармен кездесулер, сайыстар ұйымдастырылатын болады.

Биылғы оқу жылында Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты               3  мектеп күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, шаһардағы 31 мектептің ауласына қоршау жұмыстары жүргізілді.  Ал, 19 білім  мекемесінде спорт алаңшасы ашылып, тағы 3 спорт алаңшасына құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

  Шымкент қалалық білім

бөлімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here