«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҮШТІЛДІ ӘДІСТЕМЕЛІКТІ ҚОЛДАУ»

0
3215

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Ғылымды дамытпайынша, оның саласын, атап айтқанда педагогикалық ғылымды жетілдірмейінше, жаңа инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізбейінше біздің экономикалық өркендеуіміз, рухани және мәдени түрленуіміз мүмкін болмайтыны анық.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»- деген болатын.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы жасалды. Оның мақсаты 12 жылдық мектепте интеллектуалды, физикалық және рухани тұрғыдан дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, елдің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып табылады деп көрсетілген.

Сондықтан оқушыларға қазіргі заманға сәйкес көптілді білім беру мақсатында қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінің пәнаралық байланысын оқыту процесінде жүйелі жүргізу керек деген тұжырымға келдік.

Интеграция – ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференциация үрдісімен қатар жүреді. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады.

Пәнаралық байланыстарды іске асыру оқушылардың біртұтас дүниетанымын қалыптастырады. Ол өз кезегіңде білімдерді мәнді, мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Пәнаралық байланыстар оқушыларға басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі.

Негізгі нысаны – адамды жан-жақты дамыту болып табылатын қазақ тілі мен ағылшын тіл пәндері өзара байланыса отырып табиғи ортаның, қоғамның, әлеуметтік ортаның даму заңдылықтарын тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа – қоғамдық ғылымдармен байланысқа ұласады.

Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралы ойды Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталған халыққа Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» мәдени жобасының жүзеге асырылу кезеңдерін айқындады. 2008 жылдың ақпанындағы кезекті Қазақстан халқына Жолдауында да: «Үкімет «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді»,– деп атап көрсетті.

2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта — Үштілді білім беруге көшу шеңберінде Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарында ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат саны көбейтілген. ҮОЖ-ға сәйкес 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарға ағылшын тілі 2 бөлінеді делінген.

2016-2017 оқу жылында негізгі және жоғары сыныптарда үш тілде білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ағылшын тілін үйрену жоспарланған үш тілде оқушыларға қосымша білім беру бағдарламасы және жоғары сынып пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын әзірледі және сайттарға салынып таратылды.

«Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда жасалуға тиісті жұмыстар ретіне тоқталып өтсем:

Үш тілді білім беруді жүзеге асыратын құжаттарды даярлау, яғни жоспарлы іске асу үшін әдістемелік жұмыстарын, білім бағдарламаларын жасау;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастау;

Үш тілді білім беру шеңберінде орта жалпы білім беретін мектептерде оқытушылар құрамын даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру; жаңа үздіксіз тілдік (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) оқу курстарын ұйымдастыру, сонымен қатар үш тілді білім беруді жүзеге асыру үшін материалдық техникалық базаны дамытуға үлкен көңіл бөлу – мектептерде мультимедиялық тілдік орталықтардың, компьютерлік кластардың, интерактивті тақталардың құрылуы.

Бір тілді меңгергенде, оның толыққанды игерілуінің алғы шарттары болып табылатын: лингвистикалық, когнитивтік, коммуникативтік, этномәдениеттік, лингвоелтанушылық біліктіліктерді (компетенцияларды) қалыптастыру екені ғылыми түрде дәйектелген.

Үш тілді білім беруді ендіруде мына міндеттер ескерілу қажет:

— МДҰ тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің, мұғалімдер мен оқушылардың оқу үдерісінде үш тілде бір деңгейде еркін меңгеру дағдысын жетілдіру;

— үш тілде білім берудің нормативті-құқықтық, материалдық-техникалық, ғылыми және оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыздандырылуын күшейту.

Үш тілді білім беруді ендірудің қызметіне мыналар жатады:

— білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру жобасын кезең-кезеңмен ендіруді ұйымдастыру;

— үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша оқыту үдерісін жүргізетін оқытушыларға тілді білу деңгейіне қарай үздіксіз тілдік оқу курстарын ұйымдастыру;

— «Үш тұғырлы тіл» жобасы бойынша қала, облыс мектепке дейінгі ұйымдары мен мектептері базасында оқытушылар құрамы мен білім алушыларының тәжірибе алмасуын ұйымдастыру;

— үш тілді білім беру бағдарламасымен оқитын оқу курстарының тыңдаушыларына оқу үдерісіне алыс және жақын шет ел ғалымдарын, оқытушыларды және өңірде жұмыс істейтін шет елдік компаниялардың мамандарын дәріс оқуға, практикалық сабақ жүргізуге тарту;

— шет тілі пәнінің оқытушыларын эдвайзер ретінде бекіту;

— оқу жоспарларына қосымша оқу түрі ретінде «Сөйлеу мәдениеті мен мәдениетаралық қатынас» пәнін ендіру;

— қосымша оқу курстарының оқулықпен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу;

— кітапхана қорын осы заманғы көптілді әдебиеттермен (оқу, әдістемелік, ғылыми және т.б) толықтырып отыру;

— кітапхананың электронды базасын әдебиеттермен және мультимедиялық материалдармен толықтыру;

— шетелдік әріптестермен бірлесе отырып оқулық және оқу-әдістемелік құралдар жазу;

— шетел тілінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби бағытталған шетел (ағылшын) тілі» пәндерінен біріктірілген оқу бағдарламасын жасау;

— үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін даярлау.

Қойылатын қосымша талаптар:

Барлық мұғалімдер шет тілін меңгеру деңгейін үнемі өсіріп отыруы керек.

  1. Өз ана тілі болып есептелмейтін басқа тілді үйреніп жүрген мұғалімдер тобына қолдау көрсетуге, сондай-ақ шет тілін бастапқы кезеңде үйреніп жүрген қызметкерлерге жағдай жасауға мектеп әкімшілігі міндетті.
  2. Оқушылар, мұғалімдер мен әкімшілік ана тілі болып саналмайтын тілдердің сыныптан тыс қолдануына қолайлы жағдай жасауы керек. Өзім ағылшын тіл пәні мұғалімі болғандықтан ағылшын тілін оқытуға көбірек тоқталғым келіп тұр. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың басқа тілде қарым-қатынас жасаудың, қырларын жан-жақты қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. Жалпы орта жалпы білім беретін мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсатты көздейді:

коммуникативтік мақсат,

білімділік мақсат

тәрбиелік мақсат

жетілдіру мақсаты

Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған үшеуі коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша топтар білім алады. Олар: beginner, elementary, preintermediate, intermediate, upperintermediate, advanced. Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, жобалай оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б. Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай.

Үш тілде оқыту – заман талабы десек одан күтілетін нәтижеміз қандай болмақ:

Үш тілді енгізу негізінде полимәдениетті тұлға, бәсекеге қабілетті маман даярланады;

Президентіміз айтқандай әлемде Қазақстан үш тілді де еркін әрі ерікті қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылады;

Ағылшын тілін меңгерту арқылы халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында емін-еркін жұмыс жасай алатын ұрпақ даярланып, тәрбиеленеді;

«2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы.

Ендігі кезекте осы мақсатта аудандық бі-лім мекемелерінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсам;

Сайрам аудандық білім беру бөлімі, Облыстық білім басқармасының 01.06.2016 жылғы №05/1188 санды хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы № 11 өкімінің Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарының Үш тілде білім беруді енгізудің бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы ретіндегі өзектілігі туралы республикалық және өңірлік баспасөз БАҚ-тарда мақалалар, сұхбаттар әзірлеуді және орналастыруды қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша аудандық «Мәртөбе» газетінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы О.Қолдасованың «Ұр-пақ білімді болса, қоғам ілгері дамиды» («Мәртөбе» №7 19.02.2016ж), аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Темірбаевтың «Тілді ардақтау — азаматтық парыз» (№7. 19.02.2016ж), аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Н.Кантаеваның «Үш тілділік — уақыт талабы» (№14. 08.04.2016ж) мақалалары жарияланды.

Мұғалімдер арасында өтетін пәндер бойынша интернет қашықтық олимпиадасынан да жүлделі орын алған ұстаздар артуда, атап айтсақ: Математикадан 15 мұғалім, қазақ тілінен 8 мұғалім, орыс тілінен 1 мұғалім, ағылшын тілі пәнінен 11 мұғалім, орыс тілі пәнінен 6 мұғалім, барлығы 41 мұғалім жүлделі орын иеленді. (1-орын-2, 2-орын-19,3-орын-20). Олар төмендегі мектептерден: Рустемов мг-11, Навои жом-7 және Сейфуллин мг, №100 жом, Аққала жом, №3 Хамза жом, Далабазар ном.

Қазан айында өткен «Тіл шебері» атты аудандық байқауда №83 Байтұрсынов жом-ң 11-сынып оқушысы Абдулла Несібелі 1-орын алып, облыстық байқауға жолдама алды.

FLEX-халықаралық бағдарламасы байқауына ауданымыздан 24 оқушы қатысып, 6 оқушы АҚШ-да 1 жыл білім алуға грант жеңіп алған. Олар №41 Жамбыл, №10 Қарабұлақ, №3 Хамза, №13 Навои, №81 Ұлықбек, №101 Гайрат жалпы орта мектептерінің оқушылары.

Қ.Бектаев оқулары «Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау концепциясы — ЭКСПО 2017» халықаралық ғылыми — тәжірибелік конференциясының материалдары жинағына ауданның 21 мұғалімінің. оның ішінде: химия-4, география-5, технология-4, физика-2, мате-матика-2, ән, информатика, ағылшын тілі-2, орыс тілі – 1, қазақ тілі – 4, тарих пәндерінен бір-бір баяндама жинаққа енді.

Үш тілді дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы материалдарды және баспасөз БАҚ-тар мен танымал Интернет-ресурстарда хабарламалар жариялауды қамтамасыз ету мақсатында №63 Қ.Сәтбаев ат. ЖОМ қазақ тілі мұғалімі мен әдебиетінің мұғалімі М.Сейілбекованың «Оқушылардың функционалдық біліктілігін арттыру» тақырыбындағы мақаласы облыстық «Ұстаз нұры» ( №01. 16.01.2016ж), Ы.Алтынсарин ат. ЖОМ ағылшын тілінің мұға-лімі Г.Алтаеваның «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» мақаласы «Болашақ» (№05. 04.02.2016ж) газеттерінде, Ы.Алтынсарин ат. ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Шабанованың Абайдың «Отыз сегізінші қарасөзі» тақырыбындағы сабағы «Ғылыми ізденіс» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында ( №14. Сәуір 2016ж), «1 май» ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Д.Ашурметованың «Блум таксономиясына сай құрылған тапсырмалар негізінде оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдіру» мақаласы «Алтын ақпарат». Веб-порталында ( А1 398-16 19.04.2016ж) жарияланды.

Республикалық «Шырайлы Шымкент» шығармалар байқауында 2016 жылдың мамыр айында № 94 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тажиметова Мадина жеңімпаз атанып, ОҚО-ның тарихи жерлеріне саяхаттауға жолдама ұтып алды.

Маусым айының 6-17 жұлдызы аралығында № 20 С.Сейфуллин, М.Горький, № 3 Хамза, № 29 К.Тленшин, М.Сапарбаев, Қарасай батыр, Бабыр атындағы мектептерде ауданымыздың 72 мектебінің 549 информатика, химия, биология, физика, математика пән мұғалімдері ағылшын тілін үйренді.

2016 жылы сәуір айында «Мен көп тілді біле-мін» атты облыстық байқауда Машат атындағы №80 негізгі орта мектебінің ағылшын тілі пәні

мұғалімі Эрметова Мафтуна ІІ орынға ие болды.

2016 жылы қараша айында өткен облыстық мұғалімдер олимпиадасына № 42 Фуркат атындағы жалпы орта мектебінен ағылшын тілі пәні мұғалімі Султанова Зульфия қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

2016 жылы қазан айында «AKCELS» бағдарламасы өз жұмысын бастады. Осындай білімді жастардың тіл үйренуіне үлкен үлес қосып халықаралық грант жеңіп алған ұстаздарымыз № 20 С.Сейфуллин мг ағылшын тілі пәні мұғалімдері Жайлаубекова Шолпан және Райымбекова Айнұр. Бағдарлама сынағына келген 72 оқушының 30-ы іріктеуден өтіп, ауданымыздың көп балалы, аз қамтылған, үздік оқушылар 2 жыл бойы ағылшын тілін ақысыз үйренуге мүмкіндік алды.

2016 жылы тамыз айында АБББ-нің әдіскері Ф.Оспанованың «Тұжырымдама талабы – бүгінгінің міндеті» тақырыбында үш тілде білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы мақаласы аудандық «Мәртөбе» газеті-не жарыққа шықты.

Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абатаева Надира «IREX» Халықаралық бағдарламасы бойынша АҚШ-ның Аляска штатына 2 жылдық мерзімге 2014-2016 жылдар аралығында тәжірибе алмасып оқып келді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздың 9 мұғалімінің шығармашылық жұмыстары «Үздік мұғалімнің үздік сабағы» облыстық жинағына енді, ал 5 мектеп басшыларының жетістіктері «Мәртебелі мектеп директоры» кітабында жарық көрді.

Өз сөзімді қорытындылай келе айтарым Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Елбасы осындай жан жақты дамыған, білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне де қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңару процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлылығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады.мектепте берілетін білім – барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы.

21 ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше, баланың екінші ата-анасы, болашаққа жол сілтер ақылшысы бола білген мұғалім мейірімге толы жүрегімен, бойындағы білімімен, парасатымен, талай шәкіртті ақылды, мәдениетті, интеллектуалдық өрісі кең, жанжақты ақпараттандырылған, белсенді ұрпақ тәрбиелеп, мәртебелі мамандық иесі бола беретініне сенімдіміз.

Ф.А.ОСПАНОВА,

Сайрам аудандық ӘК шет тілі пәні әдіскері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here