Дінтану деген қандай мамандық?

0
468

Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Дінтану мамандығына лайықты материалдық база жасақталып, толығымен қамтылған. Дінтану мамандығының тақырыбы мен мазмұны атеисттік немесе дінге қарсы деп түсінуге әсте болмайды.

Университетте оқытылатын діни ғылымдардың мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді.

Дінтану — бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді.

Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.

Мамандар кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асырады:

— Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;

— Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;

— Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;

-ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат білімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;

— «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;

«Дінтану» деген атаудың астарында адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің ең қызық, күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жатыр.

 

Ж.Н.Калдыбаева,

ҚазҰУ, «Философия және Саясаттану» факультеті, дінтану мамандығының 3-ші курс студенті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here