Біз туралы

Хабарландыру

«ЗИЯТКЕР ON» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР, ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Оңтүстіктегі бұқаралық ақпарат құралдары тағы бір жаңа басылыммен толықты. Ол – «Зияткер ON» газеті.

Елімізде білім саласына жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп келеді. Алайда, соған сай білім деңгейінің ауылы алыстау болып тұруына байланысты, қазіргі таңда, бұл саланы сынайтындар да жетерлік. Жергілікті жерлердегі оқушылардың білім сапасы уыстап салған қаржының қайтарымын бере алмай жатқаны тағы бар. Бұған басты себептің бірі – мектеп, ата-ана, оқушы үштағаны арасындағы байланыстың әлсіздігі, жекелеген ұстаздарымыздың жаңа заман ағымына ілесе алмауы. Осы орайда, өңіріміздегі білім саласында болып жатқан жаңалықтарды, озық технологияларды, озат әдістемелерді насихаттау – «Зияткер ON» газетінің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Білім ордаларында атқарылып жатқан оңды істердің жаршысы болу да ойымызда. Сонымен қатар, орынды сынға да газет бетінен орын табылады. Мұғалімнің түйткілді мәселелері де назарымыздан тыс қалмақ емес. Мұғалімдердің озық тәжірибелерімен бөліскен мақалаларын тұрақты түрде жариялайтын боламыз. Бала тәрбиесіне қажетті тағылымды, мәнді-мағыналы мақалалар да басылым бетінде жарық көрмек. Оқырмандар мен ата-аналар пікірлеріне де газет бетінен орын бермекпіз.

«Зияткер ON» газеті – болашақта әр ұстаздың, оқушының қолындағы көмекші құралына айналады деп сенеміз. Осы мақсатта редакция ұжымы жан аямай еңбектенеді деп уәде береміз.

 

Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Сіздерді «Зияткер ON» газетіне жазылуға шақырамыз. Газет аптасына 1 реттен, айына 4 рет жарық көреді. Жазылу бағасы – 2500 теңге. Газетке «Қазпошта» және «Ernur-press»-тің кез келген бөлімшелерінен жазылуға болады.

«Зияткер ON» газеті бүкіл оңтүстік өңірінің және әрбір жеке ауданның ұстаздарына арналған төл басылым!

Біз сіздермен сенімді байланыс орнатамыз деп сенеміз, Құрметті оқырман!

Газетіміздің индексі – 66760.