БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!

0
1014

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Шымкент қаласының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Оқушылар сарайы базасында «Нұрлы болашақ» тақырыбында қалалық акциясына ҚР білім және ғылым министрінің PR-бойынша кеңесшісі Тайкенов Майраш Гомарқызы мен «Білімді ел» Республикалық білім беретін жалпы-саяси  газетінің редакторы Ляззат Мақсұтқызы Түркістанова қатысты.

Акция барысында  қала мектептерінің 150 жоғары сынып оқушыларының қатысуымен фойеде «Біз бақытты баламыз!» атты флешмоб және  қала мектептері көркемсурет үйірмелерінің «Нұрлы болашақ» атты балалар шығармашылығы сурет көрмесі қойылды. Жас суретшілер бейнелеу өнері арқылы қоғамдағы орын алып отырған түрлі жағымды-жағымсыз жайттарға  бейжай қарамауға шақырады. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жастары өз елінің патриоты ретінде талғампаз шығармашылығымен, өнерге құштарлығымен ерекшеленді.

Халықтар достығы мұражайында тақырыптық дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды.  Ізденімпаз, шыншыл, турашыл жасөспірімдер  қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда.

Сонымен қатар, «Нұрлы болашақ» акциясының қорытындылау бөлімі салтанатты би композициясымен басталып, акция тақырыбын ашуға тырысқан үгіт тобы өнерімен жалғасты. Концерттік бағдарламада №65 м/г «Жұлдыздар» тобы, Оқушылар сарайының «Балдәурен», «Алтын ғасыр» вокалды топтары, «Еркетай» балалар би ансамблі, қалалық Өнер мектебінің хоры өнер көрсетті.

Шымкент қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here