БАЛАНЫҢ САНАСЫ

0
531
  • Егер бала үкіленген үмітті сезіп өссе – ол төзімді болуға үйренеді;
  • Егер бала мақтаумен өссе – сенімді болуды үйренеді;
  • Егер бала адалдықпен мәпеленсе – әділетті болып үйренеді;
  • Егер бала қауіпсіз екенін терең түйсініп өссе – сенуге үйренеді;
  • Егер бала мақұлдаумен өссе – өзін сыйлауды үйренеді;
  • Егер бала махаббатпен мәпеленсе – сүюді және сүйіспеншілігін сыйлауды үйренеді;
  • Егер бала таңдау еркіндігін біліп өссе – өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнымен көтеруді үйренеді.
  • Егер бала тек сын естіп өссе – өзгені айыптауды үйренеді;
  • Егер бала әжуаның астында өссе – күдікшіл болуды үйренеді;
  • Егер бала өшпенділік ұясында өссе – дұшпан көруді үйренеді;
  • Егер бала өштікті көріп өссе – өзгенің жанына жара салуды үйренеді;
  • Егер бала түсінбестікпен ауыздықталса – өзгені тыңдамауды үйренеді;
  • Егер бала өтіріктің ортасында өссе – алдауды үйренеді;
  • Егер бала абыройсыздықты көріп өссе – өзін кінәлі сезінуді үйренеді.
  • Балаңызды қалай тәрбиелеп жатырсыз? Таңдау қолыңызда…

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here