Америкалықтар балаларын қалай тәрбиелейді?

0
574

Америкалықтар мен еуропалықтардың бала тәрбиесі мүлде екі бөлек дүние. Өзіндік айырмашылықтары бар әртүрлі әдістер қолданылады. Батыс тәрбиесінің негізі – отбасылық демократияға, бір-бірін сыйлауға бағытталған. Бүған қалай қол жеткізуге болады? Бұл жүйе қаншалықты мінсіз?

Жазалау

Америкалықтарда баланы нұқып қалу, бұрышқа тұрғызып қою, оларға тіл тигізу деген ұғым жоқ. Американың көптеген штаттарында баланы жазалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңдар бар. Алайда кейбір елді мекендерде балаларды шыбықпен ұруға рұқсат етіледі. Батыс елдерінде баланы жазалағаннан көрі, балаға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мақұл көреді. Баланың дұрыс істемеген қылықтарын ата-анасы әрдайым көрсетіп, ескертіп отыру керек. Ата-аналар балаларымен бірге проблеманы бірлесіп шешуді үйренеді. Бала киімін былғап қойса, қорқынышты ештеңе жоқ. Балалар алаңқайынан қашып кетсе, онда бала емес, ата-аналары кінәлі. Бөлме қабырғаларына сурет салып тастады ма, онда бала  шығармашылықпен айналысуда. Ал, біздің елде баланы жазалаудың неше түрі бар екенін жоққа шығара алмаспыз.

Баланы ынталандыру, көтермелеу

Батыс елдерінде ата-аналар балаларының өз бетінше іс істей алуын құптайды. Мысалы, өзі тамақтануы, өзі киінуі, өзінің тісін тазалай алуы деген секілді. Осылайша, ата-аналар балаларын өз бетінше өмір сүруге дағдыландырады. Батыс елдерінде балалар ата-анасымен тек 18 жасқа дейін бірге тұрады. Ал, ары қарай ересек өмір басталады. Егер, бала ата-анасымен 25 жасқа дейін бірге тұратын болса, ондай балаларды «арамтамақ», «жатыпішер» деп санайды.

Кейбір елдерде балаларды ақшалай марапаттауға да болады. Мысалы, Германияда ата-аналар балаларына ай сайын 120 евродан артық ақша бермеуге міндетті. Егер, бұлай болмаған жағдайда бала арнайы органдарға шағым түсіре алады. Сыйлық ретінде баланы қызықты ойын-сауық орталықтарына апарып тұруды ұсынуға болады. Тәрбиешілер, педагогтар баланы кез келген жетістігі үшін мақтауы тиіс.

Ата-аналар күніне бірнеше рет балаларымен қосылып мультфильмдер көреді.

Ата-анасынан баласын алып қою

Америкада барлығы сіз ойлағандай оп-оңай емес. Мысалы, Америкада баланы болмашы нәрсені себеп қылып, сізден алып қоюы әбден мүмкін. Мысалыға, әкесі ваннада шомылып жатып, аяғы тайып кетіп, құлап қалды делік. Ол ваннадан тыр жалаңаш шығып, әйелін көмекке шақырды делік (Бұл жағдай, құдайға шүкір қазақтарға тән емес қой). Бұл жағдайды кішкентай қызы көріп қойып,  балабақшадағы тәрбиешісіне айтты дейік. Онда, сіздің отбасыңызды «қалыптан тыс» санап, сіздің балаңызды алып қояды. Сонымен қатар, қылмыстық кодексте балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту баптары да бар. Тіпті, 11 жасар баланы да қылмыстық жауапкершілікке тартқан оқиғалары да бар. Сондықтан да батыс елдерінде бәрі сіз ойлағандай керемет емес. Мемлекеттік органдар жеке отбасы шаруасына тым шектен тыс килігеді. Бұл жағдай, балалардың балалар үйінде өсуіне, тіпті кей кезде өзін-өзі өлтіру оқиғаларына да жиі алып келеді.

P.S. Қазіргі уақытта батыстың қаңсығын таңсық көріп, сол елден үлгі алғысы келетіндер жетіп артылады. Мына мақаланы жариялағандағы мақсатымыз сізге ой салу, әлеумет. Ұрпағымызды ұлттық тәрбиемен сусындатып өсірген жағдайда ғана мемлекетіміз жаһандану кезінде жұтылып кетпей, өзіндік дәстүрін сақтап, іргелі елге айналмақ.

 

http://russia-in-us.com

Аударған Е.Тәліп

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here